Сыртқы істер министрлігінде Анкарадағы шабуыл кезінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Түркияда террористік шабуыл кезінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл ақпаратты СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров растады.
Еске салсақ, бүгін Анкара маңында орналасқан Turkish Aerospace (TUSAŞ) аэроғарыш компаниясының нысанында теракт болған еді.
Turkish Aerospace (TUSAŞ) аэроғарыш компаниясының штаб-пәтеріндегі қайғылы жағдайдан кем дегенде бес адам көз жұмып, 22 адам жарақат алған.
Шабуыл елде тыйым салынған Курдистан жұмыс партиясымен байланысты болуы мүмкін.
Бұған дейін Ерликая шабуыл жасаған екі лаңкестің көзі жойылғанын айтқан еді.