Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркиядағы мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Бүгiн, 08:11
233
Бөлісу:
 t24.com.tr
Фото: t24.com.tr

Түркияның Измит қаласында орналасқан Tüpraş мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды. Бұл туралы T24 басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпаратқа сәйкес, Кожаели провинциясының Керфез ауданындағы зауыт аумағында бензин сақтайтын цистерна жарылған. Оқиғадан кейін зауыт маңында қалың түтін көтеріліп, жергілікті тұрғындар арасында қысқа уақыттық дүрбелең туындаған.

Төтенше жағдай орнына өрт сөндіру қызметі жедел жетіп, өртті қысқа мерзім ішінде толықтай сөндірді. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта жарылыстың себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстары басталды.

Өзгелердің жаңалығы