Түркияда жолаушылар автобусы аударылып, ондаған адам зардап шекті

Жол апатына байланысты тергеу басталды.

 pixabay.com 24 Мамыр 2026, 19:43
24 Мамыр 2026, 19:43
893
Фото: pixabay.com

Түркияның Чанаккале провинциясында жолаушылар автобусы аударылып, 46 адам зардап шекті.

IHA агенттігінің мәліметінше, Анкара – Чанаккале бағытымен келе жатқан автобустың жүргізушісі Бигаа ауданына кіреберісте көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан автобус жолда аударылған.

Оқиға орнына жедел қызмет мамандары тартылып, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Наверх