Түркияда ауыр жол-көлік оқиғасы болып, адам шығынына әкелді. Түркия аумағындағы Малатия провинциясында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, төрт адам қаза тапты, тағы 15 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ TRT Haber телекомпаниясына сілтеме жасап.
Апат Малатия–Адыяман тас жолының Доганшехир ауданы маңында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, автобус жолдан шығып кетіп, шатқалға құлап, аударылған.
Оқиға орнына полиция, жандармерия, медицина қызметкерлері мен құтқарушылар жедел жетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті. Қазіргі таңда жарақат алғандар ауруханаға жеткізілген.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлығы Түркия азаматтары. Апаттың нақты себептері анықталу үстінде.