Түркияда жер сілкінді

Денизли провинциясында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді.

 Anadolu Agency Кеше 2026, 14:18
Кеше 2026, 14:18
400
Фото: Anadolu Agency

Түркияның Денизли провинциясындағы Булдан ауданында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Report агенттігінің TRT Haber-ге сілтеме жасап хабарлауынша, бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеген.

Жер сілкінісінің ошағы шамамен 7 шақырым тереңдікте орналасқан.

Қазіргі уақытта қираған нысандар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Наверх