Түркияда тағы жер сілкінді

26 Ақпан 2023, 11:50
1012
Бөлісу:
Түркияда тағы жер сілкінді
Фото: AP / IHA

Түркияның оңтүстігінде 4,4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZЕуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.

ТАСС-тың мәліметінше, зілзала эпицентрі Антакия қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Онда шамамен 210 мың адам тұрады. Жексенбі, 26 ақпанда 4,4 балдық жер сілкінісі Түркияның оңтүстігінде Сириямен шекарада тіркелді.

Зілзала ошағы 2 шақырым тереңдікте болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Өзгелердің жаңалығы