Түркияда қайталанған жер сілкінісінен 600-ге жуық адам зардап шекті

22 Ақпан 2023, 09:48
790
Бөлісу:
Түркияда қайталанған жер сілкінісінен 600-ге жуық адам зардап шекті
Фото: mk.ru

Түркияның Хатай провинциясындағы Дефне ауданында 20 ақпанда болған магнитудасы 6,4-ке жеткен жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 6-ға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu Agency порталына сілтеме жасап.

Түркия ІІМ басшысы Сулейман Соулудың айтуынша, 562 тұрғын зардап шеккен. Олардың 18-інің жағдайы өте ауыр. 

Ведомство басшысы қазір Хатайда құлаған бес үйде құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.

Оқиға орнында тиісті қызметтер өз жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді Сойлу.

Министр тұрғындарға қираған ғимараттарға кіруге тыйым салды.

Айта кетейік, 20 ақпан күні кешке Түркияның Хатай ауданындағы 6,4 магнитудалы жер сілкінісінен кейін ауданда 90 афтершок тіркелді. Олардың ең жойқынының магнитудасы 5,8-ке жеткен. 

Өзгелердің жаңалығы