Түркияда орман өртеніп жатыр

12 Қыркүйек 2022, 18:52
1874
Бөлісу:
Түркияда орман өртеніп жатыр

Түркияда Антальяның Кумлуджа ауданы маңындағы елді мекендерге жақын орманнан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

 Dünya газеті таратқан мәліметке сүйенсек, тілсіз жауды сөндіруге әуе күштері де жұмылдырылған. 

Өрт Ташлычай ораманың Ортакей ауданындағы орман алқабынан шыққан. 

Әзірге жалынның тұтану себебі анықталған жоқ. 

Өртті үш тікұшақ, екі ұшақ пен тоғыз бірлік техника сөндіріп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша жарты гектар жер жанған, - делінген Анталья орман шаруашылығының аймақтық басқармасы таратқан хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы