Түркияда 4,2 балдық жер сілкінісі болды

20 Тамыз 2023, 22:09
653
Бөлісу:
Түркияда 4,2 балдық жер сілкінісі болды

Кахраманмараш провинциясының Гексун ауданында 10:05-те 4,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Табиғат апаттары және төтенше жағдайлармен күрес басқармасының (AFAD) дерегінше, ошағы Кахраманмараш провинциясының Гексун ауданында орналасқан күші 4,2 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Зілзала 22,17 шақырым тереңде болған.

Биыл 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 балдан асатын екі зілзала (жепгілікті уақытпен 04:17-де 7,7 балл және 13:24-те 7,6 балл) болғанын еске сала кетейік.

Жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 50 мың адамнан асты. Зізала көршілес елдер – Сирия, Ливан, Солтүстік Кипр, грекиялық Кипр мен Иранда сезілді.

Өзгелердің жаңалығы