Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркия Украинаға өз әскерін жіберу үшін үш талап қойды

22 Тамыз 2025, 23:18
1154
Бөлісу:

Украинадағы соғыс қимылдарына қатысты жаңа бастамалар талқылануда. Егер Дональд Трамп пен Владимир Путин келісімге келсе, БҰҰ шешімімен арнайы "Миссиялық топ" Украинаға жіберілуі мүмкін. Бұл құрылымға Түркияның қатысуы күн тәртібіне шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Hurriyet порталына сілтеме жасап хабарлайды.

НАТО бас хатшысы Анкараға арнайы хабар беріп, Түркияның ықтимал рөліне назар аударды.

Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі мәселені үш шартқа тіреп отыр:

  • алдымен атысты тоқтату режимі орнатылуы тиіс;
  • миссияның нақты міндеттері айқындалуы қажет;
  • әрбір елдің қандай үлес қосатыны анықталуы керек.

Егер осы талаптар орындалса, түрік әскері бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін Украинаға аттануы мүмкін. Анкара бұл идеяға қарсы емес, керісінше шарттар айқындалса, қолдауға дайын екенін байқатып отыр.

Алайда миссияның мазмұны әлі белгісіз. Түркия тек штаб деңгейінде ме, әлде далада да қызмет атқара ма – бұл жағы ашық емес. Сонымен қатар Ресей Қытайдың қосылуын талап етсе, АҚШ оған қарсы шығып отыр. Автордың жазуынша, алдағы уақытта түрік сарбаздарын Украина жерінде көру ықтималдығы жоғары.

Өзгелердің жаңалығы