Түркия ресейлік вакцинаның қауіпсіздігіне күмән келтірді

11 Желтоқсан 2020, 16:05
1809
Бөлісу:
Түркия ресейлік вакцинаның қауіпсіздігіне күмән келтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа ел әзірге коронавируске қарсы ресейлік вакцинаны сатып алмайтынын жариялады, деп жазды centralasia.media Haber Turk басылымына сілтеме жасай отырып. 

Министр ресейлік вакцинаны сатып алудан бас тартудың басты себебі ретінде препарат тиісті зертханалық тәжірибеге сай келмейтіндігін атап көрсеткен.

Мәселе GLP-ге, яғни тиісті зертханалық зертханаға қатысты туындап отыр. Ресейлік вакцина оған сәйкес болмай шықты. Сол себепті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен әлем елдері оны сатып ала алмайды, біздің елде мұндай вакцинаға лицензия берілмейді. Сондықтан әзірге біздің одан бас тартуымызға тура келді, - деді министр. 

РИА-Новости Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Түркияның вакцинадан бас тарту себебіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ресейлік вакцинаның нәтижесі оның қауіпсіз екенін растайды. 

Бір анығы - отандық вакцинаның сынақ нәтижесі оның нәтижелі әрі қауіпсіз екенін растап отыр. Ресейлік вакцина пандемияға қарсы күресте маңызды рөл атқарады деп сеніммен сайта аламын, - деді ол. 

ТАСС ақапар агенттігі болса, вакцианың өнідірісіне қатысқан Ресейлік тікелей ивестиция қорына сілтеме жасай отырып, екі ел арасында вакцинаны жеткізу жөнінде келісімдер жалғасып жатқанын жазған. Ақпарат құралы Түркия денсаулық сақтау министрінің вакцинаны тиімсіз деп берген бағасы жалған ақпарат дегенді алға тартады.



Өзгелердің жаңалығы