Бұл туралы Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, Түркия президентінің сапары 3 қарашаға жоспарланған. Режеп Тайып Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының Қазақстанда өтетін 10-мерейтойлық саммитіне қатысады.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мырзаның сапарын ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізуге күш жұмылдыруға уағдаластық, - деді Мұрат Нұртілеу.