Түркі тілдес мемлекеттер саммитінде Түркістан декларациясы қабылданады

30 Наурыз 2021, 23:10
1802
Бөлісу:
Түркі тілдес мемлекеттер саммитінде Түркістан декларациясы қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан – түркі дүниесінің рухани астанасы. Ертең бейнеконференция арқылы өтетін келелі кездесуде Түркі Кеңесінің қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланып, Түркі дүниесіне қатысты өңірлік және халықаралық мәселелер қарастырылмақ, деп хабарлайды 24.kz.

Бастысы, Түркістанға «түркі дүниесінің рухани астанасы» мәртебесі беріліп, жиын соңында «Түркістан декларациясы» қабылданады. Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық ұйымының атауын өзгерту мәселесі де көтеріледі.

Түрік кеңесі толыққанды халықаралық ұйым. Халықаралық ұйымның барлық талаптарына сай келетін құжаттар негізінде құрылған. Мемлекет басшылары негізін қалаған ұйымға биыл 10 жыл. Ұйымның атауын өзгерту тек техникалық мәселе. Түркі Кеңесі деп аталды. Қазір Түркі мемлекеттерінің ұйымы деп аталады. Бұл шешім күзде Ыстамбұлда өтетін саммитте қабылданады. Өздеріңіз білесіздер, қазір біздің Түркістанда Мемлекет басшыларымыздың саммиті болмақ. Бұл саммит өте маңызды. Түркі дүниесінің рухани астана статусы – Түркістанға беріледі. Ол енді Түркістанның түркі дүниесі үшін маңызды екенін көрсететін жағдай, – дейді Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әмреев.


Өзгелердің жаңалығы