Түркістаннан кезекті гуманитарлық көмек су басқан облыстарға жіберілді

12 Сәуір 2024, 13:20
225
Бөлісу:
Түркістаннан кезекті гуманитарлық көмек су басқан облыстарға жіберілді
Фото: скрин

Бұл туралы ОҚК-да Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-ның басшысы Ернар Бектаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркістан облысында 17 штаб құрылған болатын. Штабтың төрағасы болып өзіміздің жастар орталығынан волонтерларды бекіттік. Зардап шеккен аймақтарға қазіргі таңда 12 фура жүк жіберіп қойдық. Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында болдық. Жалпы көлемі 346 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Ол жерде керек заттың бәрі бар. Гигиеналық заттар, азық-түлік және балаларға арналған киімдер мен ойыншықтар, - деді ол.

Брифингке видеобайланыс арқылы қосылған Ернар Бектаев қазір де су басқан аймақтарға фураларға тиелген 150 тонна гуманитарлық көмек жіберілгелі жатқанын көрсетті.

2 фура Батыс Қазақстан облысына баратын болса, қалған екеуін Атырау облысының Құлсары ауданына жібереміз. Сондай-ақ 50 волонтер су басқан аймақтарға көмек беруге жолға шығайын деп жатыр. Облыс әкімдігінің тарапынан бізге қолдау білдіріліп, бір автобус берілді. Волонтерлар қазір осы фуралармен бірге жолға шығатын болады., - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы