Түркістандық жедел жәрдем диспетчері жүкті келіншекті босандыруға көмектесті

10 Қыркүйек 2022, 17:49
1056
Бөлісу:
Түркістандық жедел жәрдем диспетчері жүкті келіншекті босандыруға көмектесті

Түркістан облыстық жедел жәрдем беру станциясының оперативті бөлім диспетчері Шоира Шакирова телефон арқылы жүкті келіншекті босандырып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. Оқиға 11 шілде күні Арыс қаласы Ақдала ауылында болған. Ай-күні жетіп толғақ қысқан ауыл тұрғыны Феруза Еркінова сағат түнгі 4.00 шамасында жедел жәрдемге қоңырау соққан. Тұтқаны көтерген диспетчер Шоира Шакирова арнайы бригаданы бағыттайды. Дегенмен, ауыл мен қала арасы алыс болғандықтан, көліктің жетуіне біршама уақыт қажет болған. 

Ал, жүкті келіншектің жолдасы толғақтың күшейіп жатқанын айтып қайта телефон соғады. Шоира жағдайды бірден түсінгендіктен, телефон арқылы кеңес бере бастайды. Сонымен, отбасында үшінші қызды әкесі мен енесі және Түркістанда отырған диспетчер босандырып алады. Кіндігін қайшымен кесіп, үлкен жаялыққа орап қояды. Осы сәтте жедел жәрдемде жетеді...

Ертеңіне қарай басшылықтан хабарласып, мені шақыртты. «Не бүлдіргенсің» дегенде түсінбей қалдым. Ал, кейіннен қолыма Ферузаның жазған Алғыс хатын табыс етіп, әжесіне хабарласуымды сұрады. Әжесімен сөйлескенде рахметін айтып, жаңа туған қыздың есімін Әмина деп қойғанын жеткізді. Қуанып қалдым, - дейді Шоира Атажанқызы.

Бүгінде Әминаның дүниеге келгеніне 2 ай болды. Сәбидің жағдайы қалыпты. Ата-анасының көз алдында өсіп келеді.

 

Өзгелердің жаңалығы