Түркістандық ұстаз тірек сызбалардың электронды жиынтығын жасады

20 Қыркүйек 2023, 20:51
1885
Бөлісу:
Түркістандық ұстаз тірек сызбалардың электронды жиынтығын жасады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Тірек-сызбалар оқушы қиялын дамыту мен өзін-өзі талдау, қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамытудың негізі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы №7 IT мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі Гүлдана Айдарбекова тірек сызбалар көмегімен оқыту технологиясын тиімді қолдануды ұсынып жүрген шығармашыл ұстаз. 

Электронды жиынтық -кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар, модульдер, блоктар, суреттер арқылы іске асырылады. Тірек-сызбалар оқушы қиялын дамыту мен өзін-өзі талдау, қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамытудың негізі. 

«Бұл жобаны мен уақыт үнемдей отырып бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау мақсатында құрастырдым. Ең бастысы берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізіне оқушының түсінуі мен ұзак уақыт есте сақтауына ықпал етеді. Белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруга болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Тірек сызба белгілер сабақтың негізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады», - дейді ұстаз. 

Педагог-зерттеуші санатты Гүлдана Керімбайқызының жиынтығында 1–4-сыныптарда оқытылатын негізгі пәндер бойынша жасалған тірек сызбалардың 250-ден астам түрі бар. 

Мұғалімдерге осы тірек сызбаларды тиімді қолдануды үйрету мақсатында аталмыш мектеп-лицейде Гүлдана Айдарбекованың жетекшілік жасауымен «Ашық сабақтар ағыны» жобасы жүзеге асуда.

Өзгелердің жаңалығы