Түркістандық прокурорлар 934 мектеп күзетшісінің еңбек құқықтарын қорғады

12 Қаңтар 2024, 13:36
1336
Бөлісу:
Түркістандық прокурорлар 934 мектеп күзетшісінің еңбек құқықтарын қорғады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Түркістан облысының прокуратурасы жалпы білім беру мектептерінің күзетшілеріне жұмысынан айырылуына байланысты берілетін тиесілі өтемақыны аудармағанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер террористік тұрғыдан осал объектілерге өтуіне байланысты, оларды күзету жеке күзет агенттіктеріне берілген.

Бұл құқықтық өзгерістердің салдарынан Түркістан облысының білім беру бөлімдері 1 473 мектеп күзетшілерімен еңбек шарттарын біржақты бұзған.

Алайда жұмыс беруші енбең заңнамасының талаптарын бұза отырып, 934 жұмысшыға тиісті өтемақыны төлемеген.

Қолданылған шаралармен бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төлемдері аударылды (115 млн.).

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және облыс прокуратурасының бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы