Түркістандық колледж студенті автокөлік құрастырды

27 Қыркүйек 2023, 21:17
808
Бөлісу:
Түркістандық колледж студенті автокөлік құрастырды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Түркістан облысы Келес ауданындағы №13 колледж педагогы мен студенті автокөлік жасап шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерекшелігі, бұл автокөлік жанар-жағармайды көп қажет етпейді. Инновациялық шығармашылық жұмыс микроавтобустың негізінде жасалған. Колледж студенті Бенкс Анарбайдың айтуынша көлік күн сәулесінен қуат алатын жарықтандыру құрылғыларымен жабдықталған. 

Бұл көлікті бірнеше мақсатта пайдалануға болады. Қазір бұл ол табиғат аясындағы демалыс үшін өте қолайлы. Шағын, ыңғайлы, онымен жүк және адам тасымалдауға болады. Сондай-ақ жүк салуға арналған бортына лайықталған үлкен үстелі мен орындықтары, тіпті шатыры да бар. Оларды қажет кезде құрып, кейін қайта жинап тастауға болады. Демалысқа арналған бұл көлігіміз сәтті шықты, - дейді жоба авторы. 

Темір тұлпар қараңғы уақытта күннен жинақтаған жарық арқылы қуатталады.

Өзгелердің жаңалығы