Астана, BAQ.KZ. Жаңа облыс орталығы – Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани мекеніне айналдырып, туристерді тарту мақсатында барлық салада түбегейлі бетбұрыс жасалып, ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Оқи отырыңыз:
"Көне шаһарды дамытудың кешенді жоспарлары мен оңтайлы өзгерістерін кең көлемде насихаттау тұрғысында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Түркістанды бірге түлетейік» республикалық байқауын бастаймыз", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
2019 жылдың 1 ақпаны мен 10 маусым аралығында жүзеге асатын шараға кәсіби журналистер мен әлеуметтік желі белсенділері қатысып, авторлық мақалалар мен бейнетүсірілімдерін жолдай алады.
Ұсынылатын жұмыстар:
1.Ең үздік газет пен сайт материалдары;
2. Әлеуметтік желідегі жарияланымдар (фейсбук желісі мен инстаграм парақшасы);
3. YouTubе каналындағы имиждік бейнетүсірілім аталымдары бойынша қарастырылады.
Материалдардың саны мен көлеміне шектеу қойылмайды. Әлеуметтік желідегі таралымы мен сапасына, мазмұнына мән беріледі.
Материалдар мен жазбалар әлеуметтік желіде #«Түркістанды бірге түлетейік» хэш-тегімен жарияланып, сілтемесі qanshaiym777@gmail.com поштасына жіберілуі тиіс. Әлеуметтік желіні пайдалану этикасы мен құқықтық ережелер сақталуы міндетті.
Жүлдегерлер әр аталым бойынша марапатталады:
І орын – 350 мың теңге
ІІ орын – 250 мың теңге
ІІІ орын – 150 мың теңге
Үздік шыққан 9 жеңімпаз Түркістан қаласында өтетін марапаттау рәсіміне шақырылып, облыс көлемінде жоспарланған пресс-турға қатысады.