Түркістан полициясы жедел жәрдем қызметкерін ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның хабарлауынша, тергеу оқиғаны егжей-тегжейлі тексеруге шешім қабылдады. Істі облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов жеке бақылауына алды.
Түркістан қаласында медициналық қызметкерді қызмет көрсету кезінде соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп түсіндірді ол журналистерге.
Бұл ретте полиция басқармасының басшысы "Құқықтық тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында заңсыз әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы қатаң қамтамасыз етілетінін баса айтты.
Айта кетейік, бір күн бұрын жедел жәрдем фельдшерін науқасты тексеру кезінде ұрып-соққаны хабарланған болатын. Дәрігер жүкті әйелге шақырту бойынша келген. Ол түсік немесе аппендицитке күдікті науқасты қарап жатқанда, күйеуі қызғанып, әйел адамның сараптама жасауын талап етеді.
Фельдшер тағылымгерге мұндай процедураны сеніп тапсыруға әлі ерте екенін түсіндірді. Бұған жауап ретінде ер адам дәрігерді ұрып-соғып, ол жарақат бөліміне жеткізілді. Жедел жәрдем станциясы еңбек инспекциясына хабарласқан, бірақ полицияға хабар бермеген: жәбірленуші құқық бұзушымен татуласып үлгерген. Жедел жәрдем қызметкері ауруханада екі аптаға жуық уақыт болатыны хабарланды.