Түркістандағы апат. Барлық зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

26 Сәуір 2022, 09:15
1707
Бөлісу:
Түркістандағы апат. Барлық зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 24 сәуірде Түркістан облысы Қазығұрт, Сарыағаш аудандарында жауын-шашын мен Кентау қаласында қатты жел соғып, табиғи апат болды.

Құтқару жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың 100-ден аса қызметкері жұмылдырылды. Олар 15 бірлік техника, 13 мотопомпа күштерімен суды сору және арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізді.

Түркістандағы апат. Барлық зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Табиғи апат салдарынан 50 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Адам шығыны жоқ. Алдын ала есеппен, 53 үйдің ауласына, 19 үйге, 1 мейрамхана мен 16 ғимаратқа су кіргені анықталды. Сонымен қатар 370 бас мал шығыны орын алды.

Түркістандағы апат. Барлық зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Орын алған жағдайға байланысты, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Облыстық бюджеттің резервтік қорынан қаржы қаралып, келесідей көмек көрсетілетін болады:

1. Үй жануарларының шығынына ережеге сәйкес өтемақы төленеді;

2. Тұрғын үйлер қайта қалпына келтіріледі;

3. Ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатыры қалпына келтіріледі;

4. Шаруашылық ғимараттарды қалпына келтіруге көмек көрсетіледі;

Қазіргі таңда, комиссия тарапынан орын алған шығындар көлемі есептелуде.

Өзгелердің жаңалығы