Түркістанда жыл басынан бері екі адам суға кеткен

10 Ақпан 2022, 14:33
2784
Бөлісу:
Түркістанда жыл басынан бері екі адам суға кеткен

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде жалпы қыс кезеңі қазан айынан басталып, наурыз айына дейін жалғасады. Түркістан облысы жылы аймақ саналғанымен қайғылы оқиғалар мүлдем орын алмайды дегенді білдірмейді дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басқармасының өкілдері. 

Жыл басталғалы еліміздің су айдындарында балық аулаймын деп жүріп бес адам абайсызда суға кете жаздаған. 

Айта кетейік, оңтүстік өңірде жалпы ұзындығы он бес мың шақырымнан асатын үш мыңға жуық өзен мен канал, сонымен қатар адамдар суға батуы мүмкін 176 қауіпті учаске (су қоймалары, өзендер, каналдар) бар. 

Төтенше жағдайдың қызметкерлері 2022 жылдың басынан облыс аумағындағы су айдындарында екі қайғылы жағдай тіркелгенін атап өтті. 

Оның бірі, 24 қаңтар күні Қазығұрт ауданы, Абдалиев ауылындағы Рабат су сақтау қоймасынан күзетші белгісіз себеппен суға батқан шамамен 70 жастағы ер адамның мәйітін (киімімен) тауып, судан шығарған. Оқиға орнына Төтенше жағдай басқармасының екі қызметкері мен бір техника, аудандық полиция бөлімінен жеті қызметкер және екі техника шықты. Қазіргі кезде мәйіттің себебін анықтау үшін, сот медициналық сараптамасы тағайындалды.

Бұдан бөлек, 8 ақпан күні Жетісай ауданы әкімдігі қызметкерлері тарапынан Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округі  Алғабас елді мекені К-30 каналында 2015 жылғы жас бала абайсызда суға түсіп қайтыс болғаны туралы дерек тіркелді. 

Облыста шомылу маусымының алдында да, оның өту кезеңінде де су объектілерінде адамдардың суға кетуі ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Орын алған оқиға бойынша айтар болсақ, Қызылқұм ауылдық округі, Алғабас ауылының 2015 жылы туылған тұрғыны өзінің үйінен шамамен 500 метр қашықтықта орналасқан К-30 каналына аяқ жүргінші көпірден абайсызда құлап түсіп, суға ағып кеткен. Аталған елді мекеннен  екі шақырым жердегі Қызылту елді мекені тұсындағы ПК-26 шлюзі бойынан өтіп бара жатқан ауыл тұрғындары көріп қалып, өлі денені судан шығарып алған. Бала киіммен болған, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы Қанат Қарабалаев. 

Түркістанда жыл басынан бері екі адам суға кеткен

Өз кезегінде Департамент басшысы тұрғындардың өз өміріне абай болуын айта кетті. Сонымен бірге, Түркістан облысының аумағында орналасқан өзен, су қоймаларында рұқсат етілмеген балық аулау орындарына бармаудың алдын алу үшін іс-шаралар жүргізіліп жатқанын айтты. 

Осыған орай, төтеншеліктер қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар, полиция және еріктілерді қатыстыра отырып, 151 рейдтік іс-шара өткізіп, судағы қауіпсіздік және «Мұз асты балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелері» туралы тұрғындарға 3896 жадынама таратқан.

Бұдан бөлек,  күнгейде жыл басынан бері үш оқиға орын алып, облыстық маңызы бар жеті, республикалық маңызы бар бір жол уақытша жабылып, 56 адам эвакуацияланды. Қалың қардың құрсауынан 13 ауыр жүк, 63 жеңіл автокөлігі шығарылып алынған. Аталған жұмыстарға департаменттің 33 қызметкері мен бес бірлік техникасы жұмылдырылды. 

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 31 дауылды ескерту, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 55  және 114 смс-хабарлама жолданған.

Түркістанда жыл басынан бері екі адам суға кеткен

Тұрғындарға ерекше айтарымыз, жолға шығар алдында ұялы телефонына келген смс-хабарламаларды ескерусіз қалдырмаса, - дейді облыстық төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Талғат Досалиев.

 

Өзгелердің жаңалығы