Түркістанда 100 шақырымнан астам жол жөнделді

3 Қазан 2020, 14:15
1996
Бөлісу:
Түркістанда 100 шақырымнан астам жол жөнделді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. 

Оның ішінде: 371 шақырымы (44 %) – асфальт, 360,3 шақырымы (42,6 %) - шағал тас, 113,7 шақырым (13,45%) - топырақ жол. Жыл басынан бері қала ішіндегі жолдардың 9,2 шақырымына құрылыс жұмыстары (2 көше), ал 106,1 шақырымына орташа жөндеу (81 көше) жұмыстары жүргізілді. 

Түркістанда 100 шақырымнан астам жол жөнделді

Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов мәлімдеді.

Түркістанда 100 шақырымнан астам жол жөнделді

Сондай-ақ, аталған жұмыстардың барысында 109,1 шақырым аяқ жол, 15,7 шақырым суағар науа, 15,7 шақырым жарықтандыру жүйесі, 2,7 шақырым веложол салынады.

2020 жылда атқарылатын жұмыстардың нәтижесімен асфальт жолдар 13,7% пайызға өссе, тас жолдар 13,65% пайызға азайып отыр. Сонымен қатар, биыл орталық 3 көшеге 17 дана соңғы үлгідегі заманауи аялдама орнатылды. Бұдан өзге, облыс орталығында 875 көшенің 162-і, яғни 282 шақырымы жарықтандыру жүйесімен қамтылған.  2020 жылы 160 шақырымды құрайтын 123 көшеге жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазір олардың 101 шақырымды құрайтын 78 көшесінде жұмыс аяқталған, - деді Рашид Аюпов.

Жыл соңына дейін қала көшелерін жарықтандырумен қамту деңгейі 18,9 пайызға артып, 33,3 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Түркістанда 100 шақырымнан астам жол жөнделді

Өзгелердің жаңалығы