Түркістанда «Жасыл кеңсе» қағидатын енгізуге қатысты тренинг өтті

1 Қыркүйек 2021, 14:05
1857
Бөлісу:
Түркістанда «Жасыл кеңсе» қағидатын енгізуге қатысты тренинг өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Түркістан облысының тұрғындарына арналған «Жасыл кеңсе» республикалық конкурсына қатысу және «Жасыл кеңсе» қағидаттарын енгізуге арналған тренинг өтті.

Тренингте алғашқы екі конкурстың қорытындылары, сондай-ақ «жасыл кеңсе» қағидаттарын енгізу мен үшінші республикалық конкурсқа қатысу шарттары таныстырылады және қатысушылар үшін ҚТҚ-ны бөлек жинау қағидаты бойынша мастер-класс өткізілді.

Шараға мемлекеттік мекемелер, бизнес, ҮЕҰ, жоғары оқу орындарының өкілдері шақырылды.

Түркістанда «Жасыл кеңсе» қағидатын енгізуге қатысты тренинг өтті

«Жасыл экономика» және G-Global - ды дамыту Коалициясы» ЗТБ ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламаларкеңсесінің қолдауымен 15 сәуір мен 15 қыркүйек аралығында «Жасыл кеңсе» үшінші республикалық конкурсына қатысу үшін он номинация бойынша өтінімдер қабылдайды. Оған мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің, коммерциялық және сауда құрылымдарының, индустрия, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ өкілдері қатыса алады.

Айта кетейік, «Жасыл кеңсе» - мемлекеттік органдар мен кәсіпкерліктің назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аударатын жыл сайынғы республикалық конкурс, ол ұйымдырдың әлеуметтік және экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы