Түркістанда «Ұстаздар аллеясы» ашылды

4 Қазан 2021, 19:02
4368
Бөлісу:
Түркістанда «Ұстаздар аллеясы» ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Қазығұрт ауданында мұғалімдер мерекесі қарсаңында Т.Рысқұлов мектеп-лицейі алаңынан «Ұстаздар аллеясы» пайдалануға берілді. 

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістанда «Ұстаздар аллеясы» ашылды

Ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев және аудан көлеміндегі ардагер ұстаздар қатысты. Ондағы орындықтар глобус, кітап, қаламсап секілді мектеп құралдарының кескінімен жасалған. 

Кітап қойылған ескерткіштің авторы – Өрісбай Көпеев. Ол – аудандық мәслихаттың хатшысы.

Түркістанда «Ұстаздар аллеясы» ашылды

Ұстаздардың төл мерекесі Мәдениет үйінде жалғасып, қазығұрттықтар ұлы мамандық иелерінің еселі еңбектерін айтып құттықтады. 

Бірқатар мұғалімге «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі берілсе, еңбегі ескерілген бірнеше мұғалім аудан әкімі мен аудандық мәслихатың алғыс хаттарымен марапатталды.

Түркістанда «Ұстаздар аллеясы» ашылды
Өзгелердің жаңалығы