Түркістанда түркі халықтарының «Достық фестивалі» өтті

6 Мамыр 2022, 13:55
1605
Бөлісу:
Түркістанда түркі халықтарының «Достық фестивалі» өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде түркі халықтарының «Достық фестивалі» өтті.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірлік пен татулықты паш еткен шараға зиялы қауым өкілдері, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы  «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы, өңіріміздегі этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігі мен қаланың белсенді жастары, ХҚТУ студенттері қатысты. Мәдени іс-шараға қатысушылар алдымен этнос өкілдері ұйымдастырған ұлттық тағамдар көрмесін тамашалап, астан дәм татты.

Түркістанда түркі халықтарының «Достық фестивалі» өтті

Іс-шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлеген ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова түркі жұртының басын қосқан игі шараның мән-маңызына тоқталып, «Елдігіміз бен бірлігіміз жарасып, ынтымағымыз нығая берсін!» деп ізгі тілегін білдірді. Ал ректор өкілі Женгиз Томар елімізде өмір сүріп жатқан барша этностардың тілі мен мәдениетінің сақталуына мүмкіндік жасалғанын айта келіп, барша қазақстандықтарға береке-бірлік тіледі.

Сондай-ақ фестиваль шеңберінде түркі халықтарының арнайы мерекелік концерті ұсынылды. Өнерпаз жастар түркі халқының бірлігі, достық, отансүйгіштік тақырыптарында ән шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Айта кетейік, Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастық жастарына бір шаңырақ астында сапалы білім беру және инновациялық оқыту мен ғылыми зерттеулерде көшбасшы болуларында септігін тигізіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы