Түркістанда төрт жасар бала жоғалып кетті

2 Желтоқсан 2023, 15:11
1050
Бөлісу:
Түркістанда төрт жасар бала жоғалып кетті
Фото: polisia.kz

1 желтоқсанда кешкі уақытта қалалық полицияға жергілікті тұрғын арызданып, сол күні ойнауға шығып кеткен 4 жасар ұлының үйіне қайта оралмағанын жеткізген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ер азаматтың арызы бірден тіркеліп, тез арада полицияның жеке құрамы іздеу жұмыстарына жұмылдырылған.

Қазір тәртіп сақшылары жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Жоғалған баланың жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге барлық аумаққа жолданды. Еріктілер мен тұрғындар да көмекке келді.

Бақыт Айбар Алдиярұлы 25.05.2019 жылы туған. Бойы - 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ-киім болған.

Баланы көрген-білген адамдар болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666, +77026376600, +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне хабарласу сұралады.

Өзгелердің жаңалығы