Түркістанда шұлық шығаратын кәсіпорын іске қосылды

27 Қаңтар 2024, 23:42
223
Бөлісу:
Түркістанда шұлық шығаратын кәсіпорын іске қосылды
Фото: gov.kz

«Түркістан» ӘКК» АҚ – ы тарапынан «TURKISTAN» индустриалды аймағындағы Brownfield өндірістік ғимаратына инвесторлар тартылып, шұлық және шұлық бұйымдарын шығаратын кәсіпорны іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан мен Қытай инвесторларының бірлескен жобасымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды танысып, кәсіпорынды аралап көрді.

Бұл жобаның құны – 1 млрд теңге. Кәсіпорын күніне 32 мың жұп шұлық шығаруға қауқарлы. 30 жұмыс орны ашылған.

Облыс әкімдігінің қолдауымен инвесторларға арнайы жер ұсынылған. Өндірістік браунфилд ғимаратымен қамтылған.

Инвесторлар шұлық фабрикасы толық қуатына жеткен соң Түркістанда костюм шығаратын жобасын да жүзеге асырмақ.

Бұл жобаға 2,8 млрд теңге инвестиция салынады. Күніне 500 костюм тігіледі деп күтіліп отыр. Бүгін аталған жоба да таныстырылып, өнімдер жұртшылық назарына ұсынылды, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы