Түркістанда шегірткеге қарсы өңдеу жұмысының 90 пайызы орындалды

24 Мамыр 2024, 04:47
263
Бөлісу:
Түркістанда шегірткеге қарсы өңдеу жұмысының 90 пайызы орындалды
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысында егіс алқаптарында шегірткеге қарсы жаппай өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірде қазіргі таңда 252 мың гектар жер өңделді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстарының 90 пайыздан астамы аяқталды. Бүгінде облыстағы алқаптарды өңдеу бағытында 360-тан астам адам еңбек етіп жатыр. Жаяу, автокөліктер, ұшақтар және дрондар арқылы барлығы 162 мың гектар жер өңделсе, 107 мың гектар жер әуеден өңделеді.

Айта кетейік, Түркістан облысы егістік алқаптар көлемі бойынша еліміздегі топ-3 аймақ қатарына кіреді. Өңір бірінші болып шегірткенің ең қауіпті түрі – марокко шегірткесіне қарсы белсенді күресті бастады. Биыл облыста 272 мың гектар жер өңделеді деп жоспарланса, бүгінде оның 252 мың гектарында жұмыс аяқталды.

Еске салайық, Түркістан облысында бір мердігердің бүкіл қызмет циклін көрсетуі пилоттық жоба ретінде сынақтан өтіп жатыр. Келесі жылы республика бойынша шегірткеге қарсы күрес қызметтерін орталықтандырылған бірыңғай жүйеде сатып алуға көшу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы