Түркістанда «Шахмат керуені» турнирі аяқталды

11 Қараша 2023, 17:39
830
Бөлісу:
Түркістанда «Шахмат керуені» турнирі аяқталды
Фото: ҚШФ

Қазақстанның барлық аймақтарын аралаған «Шахмат керуені» турнирін Түркістанда өткен ауқымды гранд-финал қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 қыркүйекте елордадан бастау алған керуен 14 мың шақырым жол жүріп өтті. Ойындарға 40 шахматшы қатысып, 1800 ойын ойналды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы мәлім етті.

«Шахмат керуені» – үлкен арманның шынайы көрінісі. Бұл – жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына және тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір талантты және ынталы адам мыңдаған отандастар үшін нағыз чемпион, батыр және үлгі бола алатын армандар. Осы бірнеше айдың ішінде біз «Шахмат керуені» қатардағы оқиға емес екенін түсіндік. Сондықтан пікірлестердің үлкен командасын жинадық, - деді Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

Түркістанның Rixos Grand Ballroom қонақүйінде өткен гранд финалға 60 ойыншы қатысты. Бағдарлама 11 блиц-раундты қамтыды.

Нәтижесінде төмендегі жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болды:

1-орын – Нұрмұхаммед Қабиназар (5 миллион теңге);

2-орын – Борис Черкасов (2,5 млн теңге);

3-орын – Сүлейман Ахмет (1 миллион теңге);

4-орын – Мұхтар Айнақұл (500 мың теңге);

5-орын – Мадияр Алтынбекұлы (300 мың теңге);

6-орын – Әнуар Тоқбаев (150 мың теңге).

Өзгелердің жаңалығы