Түркістанда құрғақшылыққа шыдамды мақтаның жаңа түрі шығарылды

13 Наурыз 2022, 16:19
2010
Бөлісу:
Түркістанда құрғақшылыққа шыдамды мақтаның жаңа түрі шығарылды
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтарал мен Жетісай аудандарының шаруалары мақтаның бұл түрін жаппай егуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары екі жылдан бері мақтаның жаңа түрін тексерген. Тұқым арнайы егістік алқаптарында көбейтілді. Ол зиянкестерге төзімді. Сондықтан арнайы химиялық қоспаның шығыны екі есеге дейін азаяды.

Сондай-ақ дақыл ерте өнім беріп, құрғақшылыққа шыдамды келеді. Болжам бойынша жоғары сұрыппен гектардан 45 центнерге дейін өнім алуға болады.

Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Махамбетовтің айтуынша, сақтандыру қорымен есептегенде 1 мың 800 тоннадай тұқым қажет болады.

Қазір дайындалғаны 1 мың тоннаға жақындап қалды. Мақта деген өте қиын дақыл. Басқа дақылдардан сорт шығаруға болады. Мақтадан ол өте қиын болады. 70 жылда зорға сорт шықты ғой бізде. Өзіміздің тәжірибе станциясынан, - дейді Махамбетов.

Өзгелердің жаңалығы