Түркістанда құдыққа түсіп кеткен әйел ес-түссіз күйінде шығарылды

18 Наурыз 2024, 16:27
1062
Бөлісу:
Түркістанда құдыққа түсіп кеткен әйел ес-түссіз күйінде шығарылды
VIDEO
Фото: ТЖМ

Оқыс оқиға бүгін сағат 09:18-де болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, терең құдыққа құлаған әйел тек үш сағаттан кейін ғана шығарылған.

Бүгін сағат 09:18-де 1994 жылғы азаматшаның Түркістан облысы Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан дренаждық құдыққа құлағаны туралы хабар келіп түсті. Сағат 12:06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіріліп, 12:14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйде шығарып алды. Құтқару жұмыстарына ТЖД, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы