Түркістанда мектеп оқушылары әскери қызметтің тыныс-тіршілігімен танысты

18 Желтоқсан 2022, 13:28
957
Бөлісу:
Түркістанда мектеп оқушылары әскери қызметтің тыныс-тіршілігімен танысты

Түркістан облыстық шекара қызметі департаменті мектеп оқушыларына әскери қызметтің тыныс-тіршілігін таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

«Ашық есік» күнінде шекара шебіндегі арнайы техникалар мен соңғы үлгідегі атыс қарулары көрсетілді. 

Сондай-ақ арнайы жасақ жауынгерлерінің тактикалық дайындығы мен қоян-қолтық ұрыс тәсілдері қойылды. Ұйымдастырушылар жастардың Отан қорғауға деген ынтасын арттыруды мақсат еткен. Өйткені әскер қатарындағы әр азаматтың патриоттық рухы жоғары болуы керек деп есептейді. Биыл Түркістан облысы бойынша үш мыңға жуық бозбала шекараға мерзімді әскери қызмет қатарына алынған. 

Бүгінгі күннен өте күшті әсер алдым. Әскери көліктер мен әскеру қару, формамен жақсы таныстым. Осы ағаларымызға қарап менің әскери адам болуға деген құлшынысым артты, - деді оқушы Асылжан Сағымбай.

Қазіргі таңда 100% мерзімді әскери қызметшілермен қамтылып отыр.

Қазіргі жас ұрпақты отансүйгіштікке, әскери патриоттыққа баулу мақсатында осы Түркістан департаментінің шекара қызметінің есігін ашық күн деп жарияладық. Қазіргі таңда 100% мерзімді әскери қызметшілермен қамтылып отыр. Биылғы жылы 3 мыңға жуық әскери қызметкерді, сарбазды шекара қызметіне шақыртудамыз, - деді ҚР ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облыстық департаментінің басқарма бастығы Дулат Алдарбаев.

Өзгелердің жаңалығы