Түркістанда медициналық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді

4 Сәуір 2022, 11:48
2213
Бөлісу:
Түркістанда  медициналық бақылау департаментінің  лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау Департаментінің лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Антикор. 

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау Департаментінің лауазымды тұлғасына қатысты делдалдар арқылы жүйелі негізде медициналық қызметке лицензия бергені үшін жеке медициналық орталықтардың өкілдерінен 800 мың теңге сомасында пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - делінген хабарламада. 
 
Күдіктілер ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталды.
 
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы