Түркістанда көппәтерлі үйлерді күтіп-баптау жұмыстары оңтайландырылады

30 Мамыр 2022, 09:22
1342
Бөлісу:
Түркістанда көппәтерлі үйлерді күтіп-баптау жұмыстары оңтайландырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл облыс аумағында жұмыс істеп тұрған пәтер иелері кооперативтерінің орнына (ПИК) Заңға сәйкес мүлік иелері бірлестіктері (МИБ) немесе жай серіктестіктер (ЖС) келуі тиіс.

Қазір облыс аумағында 1 329 жаңа басқару нысаны құрылды. Оның 1 295-і жай серіктестіктер, ал 34-і мүлік иелері бірлестіктері. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бақтыбек Убайдин мәлімдеді.

Жаңа басқару нысандары пәтер иелері кооперативтеріне балама. Онда меншік иелері өз баспаналарын өздері қадағалап, жауап береді. Сонымен қатар «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Мәселен, 8 пәтерлік үйлерге тікелей бірлескен басқару формасы енгізілсе, 8-30 пәтерлік үйлерге жай серіктестіктер құрылуы тиіс. Ал, 30 пәтерден асатын үйлерде мүлік иелері бірлестіктері құрылуы керек, - деді Бақтыбек Тоқбергенұлы.

Бүгінде көппәтерлі тұрғын үйлер бойынша ақпарат Республика бойынша әзірленген «Easy Project» ақпараттық жүйесіне жүктелген. Тұрғындар өз құқықтарын біліп, үйді басқаруға қатысу үшін, облысымызда «ЖКХ-ИНФО» оқу орталығымен бірігіп, оқу орталығы ашылуда.

Өзгелердің жаңалығы