Түркістанда II түркі универсиадасы өтеді

2 Қараша 2023, 13:50
756
Бөлісу:
Түркістанда II түркі универсиадасы өтеді
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

5-10 қараша аралығында II түркі универсиадасы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5-10 қараша аралығында Түркістан қаласында II түркі Универсиадасы өтеді. Ойын бағдарламасына волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қазақстанда түркі Универсиадасын өткізу туралы мәлімдеді. Түркі Универсиадасын өткізудің мақсаты - студенттер арасындағы спорттық жарыстар арқылы Түркі елдері арасындағы жан-жақты ынтымақтастыққа жәрдемдесу.

Универсиадаға түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің (Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан) және Венгрияның (байқаушы) 450-ден астам студент-спортшылары қатысады.

5 қарашада қатысушы елдердің туын көтеру жоспарлануда.

Универсиаданың ашылуы 6 қарашада "SHOW ARENA"-да, жабылуы - 9 қарашада Х. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтеді.

Жарыстар «OLIMPIC CENTER» СК және Х. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтеді.

Өзгелердің жаңалығы