Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістанда ер адам көпірден секіріп кетпек болды

26 Маусым 2025, 19:14
712
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістанда құтқарушылар көпірдегі қайғылы оқиғаның алдын алып, көпірден секіріп кетпек болған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін 112 пультіне Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, Теміржол вокзалының аумағындағы көпірден ер адам секіруге тырысып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел келген ТЖМ қызметкерлері автосатыны пайдаланып, ер адамды көпірден түсірді, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарылғаннан кейін ол 102 қызметінің мамандарына және жедел медициналық жәрдем бригадасына қажетті көмек көрсету үшін берілді.

Өзгелердің жаңалығы