Түркістанда баспанаға сұраныс артты

15 Қазан 2020, 17:27
1693
Бөлісу:
Түркістанда баспанаға сұраныс артты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин режиміне қарамастан облыс орталығында құрылыс жұмыстары тоқтаған жоқ. 

Түркістанда баспанаға сұраныс артты

Атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көріп шыққан облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев ең алдымен тұрғын үйлердің сапасына мән берді. Құрылысты дер кезінде аяқтауды міндеттеді.

Түркістанда баспанаға сұраныс артты

Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы 3 мыңға жуық пәтерлі 7 қабатты 24 тұрғын үйдің 22-ің құрылысын аяқтауы қараша айына жоспарланған. Бұған қоса, 12 қабатты 45 тұрғын үйдің қабырғасы көтерілуде. Бұл үйлерді пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланған. Түркістандықтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін ипотекалық тұрғын үйлердің қатары артпақ, - делінген хабарламада.

Түркістанда баспанаға сұраныс артты

Құрылысы қарқын алған әлемде теңдесі жоқ «Керуен Сарай» туристік кешенінде Шығыс базары, этникалық үлгідегі мейрамханалар мен қонақ үйлер салынуда. Көпсалалы сарайда көне шығыс театры, ұлттық дәмханалар, жасанды көлдер, саябақтар салу жоспарда. Шеберлер көшесінде кәдесыйлар сататын шеберханалар сап түзейді.

Түркістанда баспанаға сұраныс артты

Түркістан қаласының орталығындағы «Желілік саябақ», «Аттракциондар саябағы», «Оқушылар сарайы», «Конгресс орталығы», «Жабық бассейні бар спорт сарайы», «Орталық стадион» және «Қ.А.Ясауи мұражайы», «Драматеатр» ғимараттары биыл ел игілігіне берілетін болады. 

Түркістанда баспанаға сұраныс артты

Бұдан өзге, облыс орталығындағы рухани-мәдени орталықты абаттандыру мақсатында ірі жобалар қолға алынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Түркістанда баспанаға сұраныс артты

Өзгелердің жаңалығы