Түркістанда балабақшалардың бірінде әйелдің баланы ұрған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ elitar kz сайтына сілтеме жасап.
Видео авторының айтуынша, бүлдіршінді аспазшы соққыға жыққан. Ал баланың балабақшаға барғанына екі күн болған.
Бұл Түркістандағы балабақша. Баланың Балабақшаға барғалы екінші күн болды, әлі үйренбегені анық, жылап жатқан шығар. Бірақ бұл оны ұрудың қажеті жоқ қой. Аспаз оны ұрды. Ал бұл кезде тәрбиеші, күтушілер қайда болды?! - деп ашуланады видео авторы.
Басылым журналистері Түркістан облысы әкімдігіндегілерден жағдайға қатысты пікір білдіруді өтінді. Алайда олар бұл өтінішке әлі жауап жоқ.