Түркістанда әріптесін пышақтаған қасапшы ұсталды

23 Ақпан 2023, 21:04
1645
Бөлісу:
Түркістанда әріптесін пышақтаған қасапшы ұсталды
Фото: almaty.tv

22 ақпан күні түнде Түркістан қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметінен көше қиылыстарының бірінде пышақталған ер адамның мәйіті анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

POLISIA.KZ хабарлауынша, жәбірленуші базарда қасапшы болып жұмыс істеген жергілікті тұрғын. Орын алған ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары, куәгерлерден жауап алып, барлық полиция бекеттеріне хабарлады. 

Күдікті сол түні ұсталды. Ол - Түркістан қаласының тұрғыны. Жас жігіт өз кінәсін мойындады. Заттай дәлел ретінде ас үй пышағы алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, екі ер адам арасында мал етін кесуге қатысты жанжал туындап, салдарынан жәбірленуші пышақталып, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен "Кісі өлтіру" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы