Түркістанда 9-сынып оқушысын пышақтап өлтірген екі жігіт те ұсталды

20 Сәуір 2023, 14:33
1178
Бөлісу:
Түркістанда 9-сынып оқушысын пышақтап өлтірген екі жігіт те ұсталды
Фото: advgazeta.ru

Түркістан облысының полицейлері суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тағы да тың деректер жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, Ордабасы ауданында кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9-сынып оқушысының мәйіті каналдан табылған болатын. Күдікті ретінде 11-сынып оқушысы ұсталды. 

Аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы