Түркістанда 610 отбасы баспаналы болды

30 Желтоқсан 2021, 20:42
2269
Бөлісу:
Түркістанда 610 отбасы баспаналы болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында 610 отбасы пәтерлі болды. Оның 470-і – көпбалалы ана. Тұрғындарға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пәтер кілтін тапсырып, қуаныштарымен бөлісті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығы аталып өткенін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекетті дамытып, Түркістанға айрықша қолдау көрсетіп жатқанын атап өтті.  

Өздеріңіз білесіздер, Түркістанымыз түрленіп, туристер саны көбейіп жатыр. Әкімшілік-іскерлік аумағында көпқабатты, зәулім үйлер бой көтеруде. Үйлермен қатар қаламызда көптеген әлеуметтік, мәдени және спорттық нысандар салынды. Келесі жылы «Түркістан-Шымкент-Ташкент» теміржолын салу жұмысы басталып, мегажоба қолға алынады. Түркістанның жан-жағын суландыру, су қоймалары мен жасанды көлдерді көбейту жүзеге асуда. Бұның бәрі – Тәуелсіздігіміздің жемісі. Биыл 610 отбасы пәтерлі болды. Оның көпшілігі – көпбалалы аналар. Бір күнде осынша тұрғынның үйлі болуы қай кезде болып еді? Жаңа пәтер иелері үйлер мен оның ауласын жарқыратып, жаңа шыңдарды бағындырады деп сенемін. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Сіздерді жаңарған Түркістанның бақытты тұрғындары деп есептеймін. Қоныстарыңыз құтты, іші бақыт пен берекеге толсын. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Осындағы әрбір отбасы өсіп-өркендеп, ұл-қыздары Отанға қызмет ете берсін! – деді Өмірзақ Естайұлы. 

Түркістанда 610 отбасы баспаналы болды

Салтанатты жиында Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов жұртшылықты құттықтады. Ұзақ уақыт күтіп, бүгін армандары орындалып, қуанышқа кенелген тұрғындар басшыларға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. 

Түркістанда 610 отбасы баспаналы болды

Сонымен қатар биыл баспанаға қолжетімділікті арттыру мақсатында Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы 14 көпқабатты тұрғын үйдің 763 пәтері «Отбасы банк» арқылы және көпқабатты 3 тұрғын үйдің 151 пәтері «7-20-25» бағдарламасы арқылы тұрғындарға ұсынылды. Келешекте де бұл жұмыстар жалғасын табады. Облыс орталығында қазіргі таңда бюджет есебінен 7, 9 және 12 қабатты 67 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

 

Өзгелердің жаңалығы