Биыл Түркістан облысында 51621 оқушы 1-сыныпқа барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңа оқу жылынан бастап облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 188 мыңға жуық бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Облыста салынып жатқан 33 мектептің бесеуі 1 қыркүйекте тапсырылса, жыл соңына дейін 14-і және 2024 жылы 14 мектеп пайдалануға беріледі. Облыстағы мемлекеттік 1000 білім беру мекемелері 100% дабыл батырмаларымен қамтылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған.
Балаларымыздың сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. білімді ұрпақ – біздің басты құндылғымыз. Сондықтан оқудың барлық кезеңінде балаларға қолайлы жағдай жасау – бізідң негізгі міндетіміз. Жаңа оқу жылына дайындық, мектепке тасымалдау, білім ұяларының жылыту маусымына дайындығы қатаң бақылауда,-деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Сондай-ақ, 28 мектептің жылу жүйесі газға өткен. Бұл жұмыстарға 70 мектепке бюджеттен 1 млрд. 665 млн. теңге қаржы қаралған. Білім беру мекемелерінің жылыту жүйелеріне гидравликалық сығымдаудан өткізіліп жатыр.
Жаңа оқу жылынан бастап облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 187 832 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұған облыстық бюджеттен 6 млрд. 197 млн. теңге қаржы қаралған. Облыста жалпы 33 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 1 қыркүйекте 5 мектеп тапсырылса, жыл соңына дейін 14-і және 2024 жылы 14 мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар облыста 21 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мерзімінде аяқтамаған мердігер компанияларға заңнама талаптарына сәйкес шара көріледі. Соның бірі Сарыағаш ауданындағы, №16 Панфилов атындағы жалпы орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер «Шаңырақ-21» ЖШС-іне 200 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынды, – деді облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев.
Облыс бойынша 180 елді мекенде 15 225 бала мектепке тасымалданады. «Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс мектептеріне лизинг тәсілімен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 101 жаңа заманауи автобустар алынды. Олар 101 мектепке жеткізілді. Жаңа оқу жылында оқушылар тасымалы мемлекет теңгеріміндегі 120 және мердігер фирма меншігіндегі 68 автобуспен ұйымдастырылады.
Әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары үшін мектеп формасы және оқу құралдарын алуға облыстық бюджеттен 1 млрд. 316 млн. теңге қаржы бөлінді. Осы санаттағы 32 455 балаға 40 567 теңгеден қаралып, ата-аналарының шоттарына қаржылай аударым жасалды. Республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам оқушы қамтылады.