Түркістанда 318 адамды кене шаққан

18 Мамыр 2022, 03:30
1992
Бөлісу:
Түркістанда 318 адамды кене шаққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері облыстың 318 тұрғынын кене шақты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішімен салыстырғанда 2 есе артық, деп хабарлайды Egemen.kz.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары өткен жылы кене шағу фактілерінің аз болуын карантинге байланысты табиғатқа шығу, серуендеуге қойылған шектеулермен байланыстырады.

Биылдың өзінде облыста Қырым Конго геморрагиялық қызбасының бір жағдайы тіркелді. Қазығұрт ауданының тұрғынын 10 мамыр күні өз ауласында кене шаққан. 2-3 күннен кейін әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, ине енгізу орындарының ауырсынуы, қызаруы сынды белгілері біліне бастаған соң жедел жәрдеммен орталық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі жағдайы орташа ауыр, – деді Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Ардақ Берден.

Жыл басынан бері 62 елді мекенде зоопаразитологиялық топ барлау жұмысын жүргізген. Олар 15 252 дана кене жинады. Зерттеу нәтижесі бойынша 54 сынамадан - оң нәтиже, яғни Қырым Конго геморрагиялық қызбасының вирустары анықталған. Қолайсыз саналатын 85 елді мекенде санитариялық қорғау аймақтары құрылып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы