Түркістанда 1 019 283 адам вакцина салдырды

20 Қараша 2021, 19:09
693
Бөлісу:
Түркістанда 1 019 283  адам вакцина  салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр.

Түркістан облысында 1019283 адам екпе салдырды. Екінші компонентті 958 666 адам салдырды. Кейінгі тәулікте 2993  адам екпе салдыруға ниет білдірген.Соңғы тәулікте Түркістан облысында 8 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,05%. 

Облыста пандемия басталғалы  1 128 727 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 593-і бос. 

Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 577  жағдай тіркелді. Олардың 7710-да ауру симптомсыз өткен болатын. 

Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.


Өзгелердің жаңалығы