«Түркістан –Шымкент» бағытына жүретін жүрдек пойыз іске қосылды

4 Қаңтар 2019, 20:04
4482
Бөлісу:
«Түркістан –Шымкент» бағытына жүретін жүрдек пойыз іске қосылды

Астана, baq.kz. Түркістан мен Шымкент жаңа әкімшілік орталықтарына жолаушыларды жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласында «Қала маңындағы тасымал» АҚ (ұлттық тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ еншілес кәсіпорны) «Түркістан-Шымкент» жүрдек қала маңы пойызының жаңа бағытын іске қосу рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алды және Түркістан қаласы әкімшілік орталығымен Түркістан облысы құрылды.

Қазіргі таңда жаңа облыс орталығының қалыптасуы мен қарқынды дамуына  Қазақстан теміржолшылары өз үлесін қосуда.

Салтанатты рәсімге Түркістан облысының әкімі міндетін атқарушысы Нүкенов Қайрат Теміршотұлы, «Қала маңындағы тасымал» АҚ Бас директоры Сүлейменов Мұхтарбек Шәметұлы, құрметті теміржолшы және Түркістан қаласының тұрғыны Каримов Асатулла, жол бөлімінің өкілдері қатысты.

Өз құттықтау сөзінде Қайрат Теміршотұлы осы шаранын қала тұрғындары және қонактары үшін маңыздылығын атап өтті:

-  Екі қала халқын және қонақтарын қосатын пойызының салтанатты іске қосылуы құтты болсын! Бұл  біздер үшін үлкен қуаныш.

«Түркістан-Шымкент» бағыты аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері жүреді.  Жол жүру уақыты - 2 сағат 15 минут. Пойыздағы жалпы орын саны 175. Құрам қазіргі заманғы жылыту және кондиционерлеу жүйесімен, арбадағы мүгедектерге арналған көтергіш құрылғылар және орындармен жабдықталған. Жол ақысы  609 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, осы жылдан бастап  "Қала маңындағы тасымал" АҚ-аптасына 5 рет қатынайтын әлеуметтік маңызы бар "Түркістан-Бадам" және "Түркістан-Сарыағаш" бағыттарын іске қосты.

"Түркістан-Бадам" пойызының жол жүру уақыты  3 сағатты құрайды және Компания бұл бағытты Шымкент қаласына дейін ұзартуды жоспарлауда.

"Түркістан-Сарыағаш" бағыты жаңа әкімшілік орталықты облыстың оңтүстік аудандарымен байланыстырады. Жаңа "Түркістан-Сарыағаш" бағытында жол жүру уақыты  5 сағат 20 минутты құрайды.

Түркістан облысының көліктік қолжетімділігін дамыту және Қазақстанның ең танымал туристік орындарының біріне жолаушылар тасымалдау мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ 3 қаңтардан бастап оңтүстік астананы облыстың әкімшілік орталығы – Түркістан қаласына тікелей қатынаумен қосу үшін жаңа маршрутты іске қосты.

Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларына барша қолайлы жағдай жасап, жаңа бағыттар санын жыл сайын ұлғайтуды көздейді.
Естеріңізде болса, бұған дейін аталған бағдардың ашылатыны туралы хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы