Түркістан: Жетісайда 4 елді мекенге газ берілді

18 Желтоқсан 2023, 03:35
610
Бөлісу:
Түркістан: Жетісайда 4 елді мекенге газ берілді
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында 832 елді мекеннің 465-і табиғи газбен қамтылған. Биыл өңірде 107 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 62 нысанның құрылысы жылдың соңына дейін аяқталып, 50 елді мекен табиғи газбен қамтылады. Осы ретте мерекеге орай Жетісай ауданына қарасты 4 елді мекенге табиғи газ берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл соңына дейін тағы 2 елді мекенді газға қосу жоспарланып отыр.

Бүгінде аудандағы 105 елді мекеннің 56-сы, яғни, тұрғындардың 53 пайызы табиғи газға қосылған. Одан бөлек, жалпы құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын Жаңа ауыл, Достық ауылдық округтеріндегі елді мекендерге жеткізуші газ құбырын салу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімінің тапсырмасымен жылдың басында құрылысы басталған 14 табиғи газ беру нысандарының бүгінде 7-і толығымен қолданысқа беріліп отыр. Қалған 3-і жыл соңына дейін тапсырылса, келесі жылы тағы 12 елді мекенге газ беріледі деп жоспарлануда.

Аудандағы газдандыру жұмыстарының қарқынды жүргізілуінің нәтижесінде мереке қарсаңында Отан елді мекенімен қатар Жылы су ауылдық округіндегі Байқоныс, Сейфуллин және Әл-Фараби елді мекендері де табиғи газға қосылып отыр.

Сонымен қатар Қызылқұм ауылдық округіндегі Қарасақал елді мекеніне магистралды газ құбырының құрылысы, Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Әбдіхалық, Мырзашөл, Атақоныс елді мекендерін газдандыруға мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы