Түркістан тұрғынын 1,2 млн теңгеге алдап кеткен шымкенттік ер адам ұсталды

10 Наурыз 2022, 01:15
1472
Бөлісу:
Түркістан тұрғынын 1,2 млн теңгеге алдап кеткен шымкенттік ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан тұрғынын 1,2 млн теңгеге алдап кеткен шымкенттік ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оны сырттай танысы алдап кеткен. Жәбірленуші ұлыңды жұмысқа кіргізіп, өзіңді мүгедектікке шығарып беремін деген күдіктінің сөзіне сеніп, осы үшін оған 1,2 миллион теңгеден астам ақша берген. 

Аталған ақшаны бірнеше рет бөліп, өткен жылдың қазан айынан осы жылдың ақпан айы аралығында күдіктінің есепшотына салған. Алайда арадан біршама уақыт өтсе де, танысы уәдесін орындамаған. Осы уақыт аралығында мүгедектікке шыға алмаған, ұлын жұмысқа орналастыра алмаған тұрғын алданғанын түсініп, аудандық ПБ-ға арызданды. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары жәбірленушінің арызына орай шұғыл түрде іздестіру шараларына кірісті. Нәтижесінде, күдікті ретінде бұрын сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. 

Күдікті ер адам ақшаны алғанын, оны өз басының қажеттілігіне жұмсап жібергенін мойындады. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы