Аталған жыртқыш Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сирек кездесетін жабайы жануарларды бақылау мақсатында құрылған фототұзақ объективіне ілікті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биылғы санақ нәтижесінде ұлттық парк аумағында 71 Түркістан сілеусіні бары анықталды.
Тұрқының ұзындығы 87-104 см, ал салмағы 13-30 келіге дейін жететін жыртқыш мекенін өзгерте қоймайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта негізінен таулы өлкелер мен орманды жерлерде мекендейді.
Сілеусіннің саны азайған бұл түрі еліміздің Қызыл кітабына, сондай-ақ Халықаралық табиғат қорғау Одағының қызыл тізіміне енгізілген. Оны аулауға 1976 жылдан бастап тыйым салынған.