Түркістан: Сауранда 2030 жылға дейін 151 инвестициялық жоба жүзеге асады

9 Қазан 2024, 00:19
1023
Бөлісу:
Түркістан: Сауранда 2030 жылға дейін 151 инвестициялық жоба жүзеге асады
Фото: baq.kz

Түркістан облысында жауапты сала басшыларына Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жоспар таныстырылды. Аймақ басшысы қатысқан жиында жалпы ауданның экономикалық мүмкіндіктері сараланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың айтуынша, ауданның даму жоспарында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм басым бағытқа ие. Ауданда жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру ісі жақсы дамыған.

2030 жылға дейін құны 174,6 млрд. теңгені құрайтын 151 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы бойынша 52 жоба (жоба құны – 107 млрд. теңге, 390 жұмыс орны), өнеркәсіп саласында 85 жоба (жоба құны 53,1 млрд. теңге, 2 427 жұмыс орны), туризм саласында 14 жоба (жоба құны 14,5 млрд. теңге, 250 жұмыс орны) жүзеге асады. Жалпы 3 067 жаңа жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде жалпы өңірлік өнім көлемі 321,5 млрд. теңгеге жетіп, 2,4 есе артады деп күтіліп отыр. Сонымен бірге өндірістік аймақтарды кеңейту, тоқыма өнеркәсібі, жиһаз жасау, пластмасса өнімдерін өндіру жобалары жүзеге асады. Су үнемдеу технологияларына 17,6 млрд. теңге инвестиция тартылады. 14 жобаны жүзеге асыру көзделген. Мал, құс, балық, егін және мақта шаруашылығы да дами түседі, - деді Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров.

Сонымен қатар туризм саласында 14 жоба енгізілсе, оның 4-еуі биыл ашылмақ. Емдік-сауықтыру және демалыс аймақтары салынады.

Өзгелердің жаңалығы